Павлодарда «Қуаныш» деген атпен пансионат ашып, қарияларға қағажу көрсеткен қызметкерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде олардың мүгедектігі бар зейнеткерлерді үнемі ұрып-соққаны анықталды. Тіпті алаяқтық әрекетке жол берген деген дерек бар. Мәселен, еш туысы жоқ адамның дүние-мүлкін пайдаланған.
Ерлан Төлеков, Павлодар облыстық прокуратураның ресми өкілі:
Пансионат қызметкерлері 20 қарт адамның Конституциялық құқықтарын өрескел бұзған. Тамақтану, қозғалысын шектеген. Ұрып-соғып, ұзақ уақыт бойы қайтыс болған адамдардың пәтерлерін жалға беріп келген.
Болат Аманбаев