Алматы облысы Талғар аудандық полиция бөліміне жаңа басшы тағайындалды. Енді құзырлы органды полиция полковнигі Асхат Бекенов басқарады. Еске салайық, былтыр 4 қазанға қараған түні Талғарда болған16 жастағы Шерзат Полаттың өлімінен кейін бірқатар лауазымды тұлға жұмысынан кеткен. Қоғамда дау тудырып, жасөспірімді өлтіру дерегімен Қылмыстық кодекстің 5-бабы бойынша 11 күдікті қамауға алынды. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Қуан Нұрақын