Шығыстағы таулы аудандарда қардың қалыңдығы 2 метрге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыстағы таулы аудандарда қардың қалыңдығы 2 метрге жетті

14.01.2025

Шығыстағы кейбір аудандарда қардың қалыңдығы қазір екі метрден асты. Ал аймақтағы облыстық маңыздағы автокөлік жолдарының көбі тау арасында болғандықтан, қарын тазалауға қыруар қаржы мен жұмысшы керек. Дегенмен облыста былтырдан бері «Жол жылы» болып жарияланған соң, саланың жұмысы серпіле бастады. Тек осы қыста автокөлік жолдарын қардан тазалауға 800-ге жуық техника дайындалды.

Қар аралас жаңбыр жауғанда қиын болады. Сол кезде батып, таулы жер жолдары ауырлау. Осы Альпі жолдарында көшкін түседі.

Көшкін түссе де, тасқын болса да, жол ашық болу керек. Сондықтан ауыр техника тізгіндейтін жүргізушілерге ерекше міндет жүктеледі. Жұмат Ауғанбаевтың бұл жұмыста жүргеніне 15 жылдан асқан. Қыста қар тазалап, жазда жол жөндейді.

Жұмат Ауғанбаев, ауыр техника жүргізушісі:

Қар жауса, тоқтамай жұмыс істейміз. Өйткені ол біздің міндетіміз. Техника жеткілікті. Әркім өзінің жұмысын дұрыстап атқарса, сонда нәтиже болады.

Нәтиже болу үшін қар жауған сәтте-ақ техниканы шағарды. Өйткені бұралаңы көп тау арасындағы жолдың тазалығы қауіпсіздікке әсер етеді.

Олжас Керейхан, тілші:

Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік бағыты. Қалаға жақын туристік нысандар ең көп шоғырланған аумақ. Яғни,  бұл жолдың бойынан жыл он екі ай жолаушы үзілмейді. Сәйкесінше көлік нөпірі де көп. Сондықтан алғашқы қар түскеннен бастап, жер құрғағанша ауыр техника жұмыс істейді. Қазір бұл аумақтағы қардың қалыңдығы 1 метрден асады.

Бір метрдің көбі мұз. Кез келген техниканың күрегі батпайды. Сол үшін шағын аумақ болса да,  бірнеше техника күрейді.

Әлібек Кәрібаев, өндірістік жол учаскесінің бастығы:

20 шақты техника бар. Елуге жуық адам бар. Облыс бойынша 500 шақырым жол бар. Жол күрелгеннен кейін жолды кеңейту жұмыстары, астындағы тапталма қарды алу.

Алынған қар ешқайда кетпейді. Көктемде ерігінде қарғын су болып жолды басуы мүмкін. Сондықтан көктемдегі тасқынға тосқын да ескерілерді.

Жалпы, облыста 5265 шақырым жол болса, оның 1238-і республикалық, облыстық маңызда 1587, ал 2440 шықырмы аудандық дәржеде. Осы жолдарды тазалауға 782 техника, 500 тонна жанармай дайындалды. 6 өндірістік жол учаскесі мен 4 жылыту орыны құрылды. 2,5 мың тонна инерттік және 100 тонна көктайғаққа қарсы материал жеткізілді.

Нұржан Жұмәділов, облыстық Автокөлік жолдары басқармасының басшысы:

Басқармада күнделікті кезекшілік ұйымдастырылған, таңертеңгі сағат сегізге дейін әр аудандағы шыққан техниканың саны, жолдардың ашық-жабықтығы сол туралы ақпарат беріліп отырады. 21-жедел әрекет ету тобы бар. Оның құрамында үлкен ауыр бульдозерлер, қар лақтыратын техникалар барлығы дайын тұр.

Дайын тұрған ауыр техника қосымша күш ретінде қолданылады. Әзірше әр бағыт бойынша бөлінген техникалар күнделікті жолда жүр. Қаңтардың соңында қалың қар жауса, алда арқыраған ақ бораны бар ақпан тұр. Өйткені біздің жақта қыс ұзақ.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу