Мемлекет басшысы Нигерия Президенті мен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Нигерия Президенті мен кездесті

15.01.2025

«Абу Дабидің орнықты даму апталығы» халықаралық саммиті алаңында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерия Федеративті Республикасының Президенті Бола Ахмет Тинубумен кездесті.

Тараптар сауда-экономика, көлік-логистика, энергетика және ауыл шаруашылығы салаларындағы ықпалдастықты дамыту перспективасын талқылады. Мемлекет басшысы еліміз Нигериямен сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға баса мән беретінін жеткізді.

Бола Ахмет Тинубу екіжақты қарым-қатынасты жаңа әрі сапалы деңгейге көтеру үшін бірлесе күш жұмсауға дайын екенін растады. Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерия Президентін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу