Қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы тағы өседі. Университет және колледж білімгерлері үшін стипендия 2 есе, магистранттар мен докторанттар үшін 1,75 есе артады. Енді бакалаврда оқитындарға 52 мың 372 теңге, педагогикалық және медициналық бағыттардағы білім алушыларға 84 мың теңге шәкіртақы төленеді. Ал магистранттар 117 мың, ғылым жолын ары қарай жалғастырған докторанттар 262 мың 500 теңге алады.
Айта кетейік, биылдан бастап елімізде зейнетақы 8,5, жәрдемақы 6,5 пайызға өсті. Азаматтық сала қызметкерлерінің жалақысы көбейді. Мемлекет басшысы «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында Қазақстанның әлеуметтік мемлекет екенін атап өтіп, үкіметке келешекте бұдан да ауқымды жұмыстарды тапсырған болатын.
Ернұр Медет