II дүниежүзілік соғыстың ардагері, талдықорғандық Ысқақ Құсайынов 101 жасқа келді.
Ғасыр жасаған қарияға әскери оркестр құрмет көрсетіп, өңір басшылары туған күнімен құттықтап, сый-сияпат жасады. Ысқақ Құсайынов 1942-ші жылы әскерге шақырылып, бірден Украина майданына жіберілген. Атқыштар дивизиясында зенитші-пулеметші болып жаумен шайқасты. 1943-45 жылдар аралығында Тынық мұхитында ұрысқа қатысты. Майданда жау ұшағын құлатып ерлігімен көзге түсті. Ұрыс алаңынан тек 1947-ші жылы оралып, отау құрып, зейнетке шыққанша ұстаз болып еңбек еткен. Қазір екі баласынан 9 немере, 31 шөбере, 5 шөпшек сүйіп отыр. Ардагер әр берген батасында ел амандығын, жастардың білімге құштар болу керектігін айтады.
Ысқақ Құсайынов, соғыс ардагері:
Келешекте ойлаған іс әрекеттеріңіз мол болсын. Жас бөбектерді тәрбиелеп, оқытып үлес қосуға сіздердің күш қуаттарыңыз мол болсын. Балалар бақытты болып, ойлаған мақсаттарына жете берсін!
Қуаныш Қанатұлы