Өзбекстан АИ-80 маркалы бензиннен бас тартпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстан АИ-80 маркалы бензиннен бас тартпақ

16.01.2025

Өзбекстан жыл соңына дейін АИ-80 маркалы бензинді пайдаланудан бас тартады. Сондай-ақ елдегі жылу және электр қуатын өндіретін кәсіпорындарда мазутты отын ретінде пайдалануға тыйым салу жоспарланып отыр.

Тиісті бағдарлама жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды. Халықаралық және отандық табиғат қорғау белсенділері мен қарапайым тұрғындардың ұсынысы ескеріледі. 2025 жылдың соңына қарай Евро-4 стандартынан төмен жанармайды пайдалану мен сатуды шектеу үшін барлық ресурс жұмылдырылады. Бұл үшін мұнай-химия өнеркәсібін жаңғырту қолға алынбақ. Айта кетейік, көрші елде көлік атаулы негізінен сұйытылған газды пайдаланады. Бензинмен жүретіндер де жоқ емес. АИ-80 маркалы жанармайдың литрі біздің ақшаға шаққанда шамамен 300 теңгеден асады.

Бахром Эсанов, Өзбекстан Экология министрлігінің бас маманы:

АИ-80 маркалы бензин жағатын көліктерден ауаға өте көп мөлшерде зиянды қалдықтар таралатыны түсінікті. Дамыған елдердің Еуро-4-тен төмен жанармай пайдалануды тоқтатқанына 20 жылға таяу уақыт өтті. Сапасыз бензиннен бас тартсақ, ауаның тазаруына мол септігі тиері сөзсіз.

Базаркүл Отыншиева

Хабарламаларға жазылу