«Бәйтерек» монументінің жанында киелі аспапты асқақтатқан күйшілер «Балбырауынды» нақышына келтіре отырып, орындады. Сарыарқаны әнмен тербеп, күймен көмкерген талант иелері Оңтүстік өңірінің өнерпаздары.
Бір ерекшелігі - ұлттық аспапты ұлықтаған жандардың басым бөлігі жастар. Мәдени күндер қарсаңында, күйден бөлек, аймақтың ең үздік туындылары да көрерменге жол тартты.
Раушан САЙЛАУ