Түрік әншісі домбыраға ән арнады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түрік әншісі домбыраға ән арнады

31.08.2017

Танымал түрік әншісі домбыраға арнап ән шырқады. Уур Ышылак, бұл әнді ноғай тілінде орындайды. Әнде «батырларды ұйқысыз түндерде қолдап, шайқастарда рух, күш берген, көпті көрген домбыра» делінеді.

Айта кетерлігі, бұл әуен, Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанның сайлауалды науқанында орындалған еді. Музыка - халыққа рух беріп, патриоттық сезімге жетелейтін болғандықтан көпшіліктің көңілінен шыққан. Ал, «Домбыра» деп аталатын жаңа бейнебаянды 6 күннің ішінде 5 млн-ға жуық адам көріп үлгерген.

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу