Атырауда Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік музейінде «Шырайлы Атырау» атты қолөнер және көркемсурет шеберлерінің көрмесі өтіп жатыр. Бұл шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы шеңберінде ұйымдастырылып отыр.
Көрмеде өңірге танымал шеберлердің қайталанбас туындылары көрермен назарына ұсынылды. Ағаштан ойылып жасалған жәдігерлер, тоқыма картиналар, шыныдан құйылған бұйымдардың бәрі осында. Әсіресе, белгілі модельер-дизайнер Маржан Маршаллдың таза мақтадан тігілген қазақтың заманауи шапандары мен қамзолдары көрме ажарын аша түсті.
Өнербек ЖАҢАБАЙ