Қарауылда 18-ші республикалық Абай оқулары мәресіне жетті. Биылғы жыр додасына еліміздің түкпір-түкпірінен 90-ға жуық оқушы қатысты. Дәстүр бойынша ауқымды шара Жидебайдағы Абай-Шәкәрім кесенесі мен аудан орталығында ұйымдастырылды. Бір ерекшелігі - байқау осыған дейін 3 аталымда өтіп келсе, биыл қатысушылар эссе жазудан да сынға түсті.
Дарын САҒИТОВ