Сырым Датұлына қатысты құжаттар қайтарылуы тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сырым Датұлына қатысты құжаттар қайтарылуы тиіс

25.09.2017

«Шетел мұрағаттарында шаң басып жатқан Сырым батыр жайлы құжаттарды елге әкелу керек». Оралда өткен Сырым Датұлының 275 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда ғалымдар осындай ұйғарым жасады. Осыдан 10 жыл бұрын  Өзбекстанға экспедиция ұйымдастырған бір топ батысқазақстандық ғалым «батыр сүйегі Гүрлен қаласында жерленген» деп жариялады. «Енді осы мәселені үкіметтік деңгейде көтеріп, ДНК-сараптама жасау қажет», - дейді тарихшылар.

Сонымен қатар, жиында Сырым батырдың Орынбор мұрағатынан екінші мөрі табылғаны  мәлім болды. Дара тұлға жайлы тың мағлұматтар да айтылды. Сырым Датұлы және ол бастаған ұлт-азаттық көтеріліс туралы тарихи деректердің дені Ресейде. Соның ішінде Орынбор, Мәскеу мұрағаттарында жатыр. Түркия мен Өзбекстанда да құнды құжаттар бар.

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу