Алматыда белгілі кино және театр актерлерінің қатысуымен алқалы жиын өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда белгілі кино және театр актерлерінің қатысуымен алқалы жиын өтті

29.09.2017

«Бұқаралық мәдениет пен жаңғыру: сын-тегеуріндер мен келешек». Осындай атаумен Алматыда белгілі кино және театр актерлері, киносыншылар, сарапшылар мен қоғам қайраткерлері қатысқан алқалы жиын өтті. Сала мамандары елдің мәдени өміріндегі түйткілді мәселелерді алға тартты. Театр мен киноның кем-кетігін таразылады. Мәдениеттанушылардың сөзінше, соңғы уақытта адамдардың интернеттегі белсенділігі қарқынды өсіп, көрермен қауым театр қойылымдарынан алыстап, ажырап бара жатыр. Бұл бір. Екіншіден, бүгінде қаржы тапшылығына байланысты театрлардың декорациясы мен сахнаның сапасы нашарлады. Сондықтан, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жаңа жобаларды жасап, жұрттың театрға бет бұруы үшін арнайы жоспар құру қажет.

 

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу