Ауыз әдебиетінің дамуына ерекше үлес қосқан Едіге Дәріғұлұлы ұзақ жылдар бойы осы бағытты тыңғылықты зерттеген. Ғылыми еңбектерінде ақын, сал-сері, жырау, бақсы секілді ауызша фольклорды таратушылардың пайда болу тарихын қарастырып, бірнеше кітап та жазған.
Ғалым қазақтың тарихи шығармаларын түркі-моңғол халықтарының эпикалық жалғасы деп санаған. Марқұмның ізбасарлары оның ерекше зерттеу тәсілі бар екенін де атап өтті.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ