Қарағанды облысының Шет ауданындағы Талды өзенінің бойынан табылған қола дәуіріне тиесілі Сарыарқа пирамидасы қалпына келтірілді. Енді маңайы қоршалып, абаттандырылады. Қазынадан ол үшін 5 миллион теңге қаржы бөлінген. Ескерткіш мемлекет қорғауында.
Таяуда бұл Қаражартас қорымы киелі жерлердің картасына енген. Археологтар қазба жұмыстары кезінде осыдан 3200 жыл бұрын өмір сүрген ежелгі адамдардың сүйегін, қолданған тұрмыстық заттарын тапқан болатын. Олардың арасында қыш құмыра, қару-жарақ бар.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ