Шахтадағы апат: Қанат Бозымбаев соңғы мәліметтерді айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шахтадағы апат: Қанат Бозымбаев соңғы мәліметтерді айтты

19.02.2025

Үкімет басшысы Олжас Бектенов «Ұлытау облысы «Жомарт» шахтасындағы апаттан қаза тапқан жұмысшылардың отбасына көңіл айтып, оқиғаның мән-жайын мұқият тексеріп, зардаптарын жою керек», - деді. Ал Үкімет басшысының орынбасары арнайы құрылған комиссияның басшысы Қанат Бозымбаев апатқа қатысты соңғы мәліметтерді айтты. Оқиға салдарынан 7 адам қаза тапты, 402 адам эвакуацияланды. Апат орнында төтенше жағдайлар жедел штабы құрылып, кеше үкімет комиссиясы тергеп-тексеру жұмысын бастады. Алдын ала болжам бойынша шахтада табиғи газ жарылған.

Қанат Бозымбаев, Премьер-министрдің орынбасары:

Екі арнайы кіші комиссия құрылды, оның бірі - аварияның туындау себебін, екіншісі - қандай техникалық қауіпсіздік талаптарының бұзылғанын анықтауға тиіс. Аталған комиссиялар өз жұмыстарын 10 күннің ішінде аяқтауы қажет. Қазір шахтаның жұмысы уақытша тоқтатылды.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу