Ақтөбеде Ассамблеяның 30 жылдығына орай конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде Ассамблеяның 30 жылдығына орай конференция өтті

19.02.2025

Ақтөбеде Ассамблеяның 30 жылдығына орай республикалық конференция ұйымдастырылды. «Бірлік пен келісімге 30 жыл» деп аталған шараға Астана мен еліміздің әр аймағынан қонақтар келді. Жиналғандар Қазақстан Халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдары, ақсақалдар және аналар кеңесінің бастамаларын ортаға салды. Сондай-ақ жалпыұлттық құндылықтарды насихаттау жолдары мен этномедиацияны дамыту жолдарын талқылады. 30 жыл ішінде елді біріктіру жолында үлкен жұмыстар атқарылды. Ассамблеяның ендігі міндеті – осы жұмыстарды одан әрі жалғастырып, мемлекеттік тілге деген құрметті арттыру.

Марат Қойлыбаев, ҚХА облыстық этномедиация кеңесінің төрағасы:

Іс-шараларда түрлі ұлт өкілдері ұлттық киімін киіп, сахнада билеп, ән айтуы емес, мәселе - ауызбіршілік пен ынтымақта. Елдің бірлігін сақтай білетін үлкен жоспарлар жасалуы керек.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу