Мәскеу қаласында театр және кино әртісі, музыкант Александр Устюговтың шығармашылық кеші өтті. Кездесу Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі қолға алған «Елшіліктің кештері» атты жобаның аясында өтті. Александр Устюгов Павлодар облысында туып-өскен.
Онымен кездесуге қазақ дипломаттары мен студенттер және Мәскеудегі қандастарымыз жиылды. Кеш барысында ресейлік әртіс, өзінің еңбек жолын баяндап, «Екібастұз» деген топтың қалай құрылғанын және «28 панфиловшылар» фильміндегі өзінің рөлі жайлы әңгімелеп берді. Содан соң жиналған қауымның сауалдарына жауап берді.
Александр Устюгов, әртіс:
- Менің ойымша, әрине, мұндай кездесулер керек. Мәскеуде өз жерлестеріммен бас қосқаныма өте қуаныштымын. Қазақ жері қазір Ресей сахнасында жүрген талай талантты тәрбиелеп шығарды. Біз оны мақтан тұтамыз. Қазақстан әрқашан менің жүрегімде. Мен туған жерім Екібастұзға жиі болып тұрамын. Әр барған сайын қаланың көркейіп келе жатқанын байқаймын.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ