Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданында ұшатын белгісіз аппарат табылды. Ұялы ауылының маңында құлаған құрылғыны алғаш тұрғындар көрген. Ұзындығы - 120 см. Оқиға орнына полиция мен құтқарушылар барған. Бұл деректі аудан әкімі растады. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі осы оқиға бойынша құқық қорғау органы уәкілетті қызметтермен бірлесіп, тексеріс жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
Ардақ Мұратқызы
