Шымкентте полиция мен мемлекет қызметіндегі лауазымды тұлғаларға қатысты сот басталды. Аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінген қалалық полиция Департаментінің бас бухгалтері енді заң алдында жауап беріп жатыр. Полиция полковнигінің қасында оның орынбасары мен тағы бір тәртіп сақшысы бар. Бұл іске басты айыпталушы ретінде ақпараттық технология және бағдараламалық қамтамасыз ету ісімен айналысатын ірі компанияның басшысы да тартылып отыр. Мекеме полиция органдарына бейнебақылау қондырығылары мен сандық жүйедегі құралдарды жеткізіп беру ісімен айналысқан. Жұртшылықты елең еткізген тағы бір сот отырысы Түркістан облысы білім басқармасының экс-басшысына қатысты. 2023 жылы осы қызметті атқарған Ғалымжан Жұмашевқа пара алу, алаяқтық жасау, көлденең табысын жасыру және оны заңсыз жекешелендіру секілді қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылған. Сондай-ақ оның қасында білім беру жүйесінің тағы бір қызметкері бар.
Ғани Қалмаханов
