Қарағанды облысы Шет ауданында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Бірнеше күн бойы 27 елдімекен жарықсыз қалды. Тек бүгін түс ауа 14 ауылға электр энергиясы берілді. Қазір басқа елдімекендерде желі жөнделіп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, тасымалдаушы «Шет-Энерго» кәсіпорыны энергия беріп отырған «Жезқазған электр тарату желісі компаниясымен» ортақ келісімге келе алмай, тұтас аудан жарықсыз қалған еді. Мәселе бірер күнде толығымен шешіледі дейді мамандар.
Жандос Бақытұлы
