Алматылық 600-ден астам оқушы халықаралық додаларда топ жарған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық 600-ден астам оқушы халықаралық додаларда топ жарған

22.02.2025

Былтыр 600-ден астам алматылық оқушы халықаралық олимпиадаларда жүлдегер атанған. Әсіресе, робототехника бағытында тың серпіліс байқалады. Балалар IT саласы бойынша АҚШ-та үздік ондыққа кірді. Мегаполисте Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық робототехника сайысы өтіп жатыр. Жарысқа 6 елден келген 27 команда қатысады. Чемпионат суасты әлемін зерттеуге, теңіз жануарлары популяциясының төмендеуі сияқты экологиялық мәселелердің шешімін табуға арналған. Жеңіске жеткен команда елдегі танымал университеттің грантына ие болады және сәуірде Америкада өтетін әлемдік жарысқа жолдама алмақ.

Ернұр Медет

Хабарламаларға жазылу