Шығыстарды бақылау жөніндегі комиссия жұмысын қайта бастады. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов комиссия отырысында айтты. Ол 2014 жылы құрылғаннан бастап Ұлттық банк қарамағында болса, 2020 жылдан бастап комиссияның жұмыс органы Жоғары аудиторлық палата болды. Енді Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында комиссияның қызметі жаңартылған форматта және жаңа құраммен жалғаспақ.
Асылбек Данияр
