Еуразиялық экономикалық одаққа жеткізілетін ауыл шаруашылығына қажетті шикізатқа салынатын БАЖ салығы төмендетілмек. Жеңілдету одаққа мүше мемлекеттерге үшінші елдерден тасымалданатын шикізатқа қатысты.
Тізімде мал азығы, түрлі өсімдіктер, тұқымға қажетті шикізат, барлығы 500-ден астам өнім бар. Бұл қадам ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жұмысын жандандыруға сеп болады, дейді мамандар. Комиссия кеңесі экономикалық интеграцияны дамытудың стратегиясын іске асыруға байланысты негізгі мәселелерді қарады. Одаққа мүше елдерге ортақ «Жол картасы» әзірленіп жатыр. Онда денсаулық сақтау, экономикалық әріптестік, дәрілік препараттарды тасымалдау сияқты өзекті мәселелер қарастырылған.
Игорь Петришенко, ЕЭК кеңесінің төрағасы:
Біз сондай-ақ дәрілік заттар нарығын қалыптастыру және одан әрі дамыту мәселелерін қарастырдық. Осы нарықты одан әрі дамытуға қатысты тұжырымдаманы қабылдадық. Сонымен қатар, Одақ пен еркін саудаға келісімдер жасасуға дайын мемлекеттермен келіссөздер жүргізілді. Бұл тізімде Иран және Моңғолия бар.
Индира Бегайдар
