Тұңғыш Президент - Елбасы қоры ұйымдастарған шараға елдің әр қиырынан білім мен өнерге құштар студенттер қатысып жатыр.
Мәселен, шараның алғашқы күнінде жас суретшілердің «Болашаққа көзқарас» атты сурет көрмесі көпшіліктің назарына ұсынылды. Мұнда, қылқалам шеберлерінің ең таңдаулы туындылары қойылған. Осымен 8-ші рет ұйымдастырылған байқауға өнердің барлық саласына белгілі тұлғалар шеберлік сабағын өткізіп, тәжірибесімен бөліседі. Сондықтан, «Бұл талапты өрендердің шеберлігін шыңдайтын теңдессіз алаң», - дейді ұйымдастырушылар.
Біржан Хасанғалиев, ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы қорының өкілі:
- Ең бастысы ол жастарды, соның ішінде өнерлі жастарды қолдау. Бұл біздің Елбасымыздың біржағынан айтқан сөздері. Рухани жаңғыру, яғни жастарды қолдау. Мына фестивальда барлығы керемет біздің Елбасымыздың ойлары қамтылған.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ