«Дін мен дәстүр» кітабының екінші томы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Дін мен дәстүр» кітабының екінші томы жарық көрді

26.10.2017

Байырғы салт-дәстүр мен діни жоралғылардың сабақтастығын жүйелі зерттеу еліміздің ежелгі тарихын терең танып білуге жол ашады.  

Алматыда өткен «Дін мен дәстүр ІІ» кітабының тұсаукесер рәсімінде Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы осыны жеткізді. Оның сөзінше, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы дайындаған аталған кітаптың екінші томында да жұртшылық үшін қажетті мол мағлұмат көп. Өйткені, бұл еңбекте адамның тал бесіктен жер бесікке дейінгі тұрмыстық наным-сенімі түгел қамтылған. Сондықтан, 7 мың данамен шыққан жинақты алдағы уақытта 20 мың таралыммен қайта басылмақ.    

Ержан қажы Малғажыұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти: 

 - Дін мен дәстүр кітабының бірінші кітабын шығарған едік. Сол кезде тұсаукесерінде зиялы қауымдар осы дінімізге жанашыр азаматтар осының жаңағы жалғасы болса деген тілектерін, өтініштерін білдіріп еді. Құдайға шүкір осы «Дін мен дәстүр» кітабының екінші томы жарық көрді. Ол негізі алты тараудан тұрады. Мынау адамның дүниеге келгенінен бастап барлығы өзіміздің дінімізбенен біте қайнасып, байланысы бар екені осы кітапта айтылады. 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу