Қостанайда 30 нәрестеге бата берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда 30 нәрестеге бата берді

01.03.2025

Қостанай облысында бүгін дүниеге келген отыз сәбиге Қазақстан халқы Ассамблеясының ақсақалдары бата берді.

Бұл шара алғыс айту күні мен Ассамбеляның құрылғанына отыз жыл толуына орай ұйымдастырылған. Ал аналар кеңесінің мүшелері медицина қызметкерлеріне алғыс айтып, сыйлықтар табыстады. Жас босанған аналарға да игі тілектерін жеткізіп, құрмет көрсетті. «30 жылдыққа – 30 нәрестеге бата беру» акциясы Қостанай облысының 16 ауданы мен 4 қаласында өткізілді. Осы күні тек Қостанай қаласында 7 сәби дүниеге келген.

Қалқаман Жақып ҚХА мүшесі:

Өмірге келген жас нәрсетелерге, өркендеп, гүлденіп келе жатқан Қазақстанның адал азаматы болсын деп оң батамызды бердік. 


Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу