Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен шешуші финалға отызға жуық жаңа жоба іріктеліп түсті.
Бастапқыда байқауда бақ сынауға еліміздің әр өңірінен 100-ден астам инновациялық жоба қатыстырылған болатын. Олардың ішінен «Реабилитациялық техника» еңбегімен Вячеслав Литвинов үздік деп танылды.
Қалдықтарды пайдаға жарату бағыты бойынша «Тазалық» жобасын ұсынған алматылық өнертапқыштар тобы екінші орыннан көрінсе, «Экожем» жобасын қорғаған Дамир Тағамбаев үшінші орынға қол жеткізді.
Жеңімпаздарға «Стартап Академиясының» сертификаты табысталды. Сондай-ақ, Алматыда өтетін «Синерджи Глобал» Форумына қатысуға жолдама берілмек.
Медет Әуеннұр, студент:
Осындай шараға үлкен рахмет. Біріншіден, біз сияқты жастарға идеясын жүзеге асыруға көмектеседі. Себебі, біздің жоба барлығына арналған және осындай жобалар арқылы біз өзімізді дамытқымыз келеді.