Бүгін Парламент Мәжілісінде «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы мен ілеспе құжат таныстырылды. Мемлекет басшысы аталған заң жобаларын іске асырудың маңыздылығын Жолдауда және биылғы Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде атап өтті. Заң жобалары жасанды интеллект технологияларын және жүйелерін пайдаланудың бірыңғай құқықтық базасын белгілеуге бағытталған. Заң жобасының негізгі жаңалығының бірі – жеке деректерді қорғауға екпін қойылып отыр. Адамдарды әлеуметтік, биометриялық және мінез-құлық ерекшеліктеріне қарай бағалау үшін жасанды интеллектіні қолдануға қатаң шектеу енгізіледі.
Нұртай Сабильянов, Мәжіліс депутаты:
Дербес деректерді қорғау күшейтіледі. Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдардың жасанды интеллект технологияларын пайдалану ерекшелігі қарастырылған. Сондай-ақ жасанды интеллект саласындағы қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттері белгіленіп отыр.
Азамат Бейбітұлы
