Қазақстандықтар енді жеке куәлік пен төлқұжатты онлайн рәсімдей алады. Ішкі істер және Цифрлық даму министрліктері жаңа пилоттық жобаны әзірледі. Бұл тек мерзімі өткен құжаттарды рәсімдейтіндерге қолжетімді болады. Егер фотосурет немесе қолтаңба сапасыз болса немесе қосымша тексеру қажет болса, өтініш кері қайтарылады. Мұндай жағдайда азамат жаңа өтініш беруі керек және мемлекеттік баж салығын қайта төлеуге тура келеді. Ал бұрын төленген сома Салық кодексіне сәйкес қайтарылады. Пилоттық жоба 2026 жылдың 31 наурызына дейін жалғасады.
Оңғар Алпысбай
