Мереке қарсаңында Ақмола облысындағы 45 отбасыға баспана берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мереке қарсаңында Ақмола облысындағы 45 отбасыға баспана берілді

07.03.2025

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Ақмола облысындағы 45 отбасыға баспана кілттері табысталды.

Салтантты шара «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақмол ауылында өтті. 30 пәтер көпбалалы отбасыға, 9 баспана балалар үйінен шыққан жастарға, ал 6 пәтер әлеуметтік осал топтағы азаматтарға берілді. Тұрғын үйлер қоныстануға толық дайын. Баспаналы болған тұрғындар қуаныштан көз жастарына ерік беріп, алғыстарын айтты.

Әсел Базарбекқызы, ауыл тұрғыны:

Қуаныштың көз жасы деп білемін. 10 жылдан астам 2017 ден бастап очередьте тұрдық. Осы күнге жеткен біріншіден Аллаға шүкір. Қазір рамазан айы. Осы рамазан айында бәріне үй беріп жатқанына қуаныштымын. Толқып тұрмын бір жағынан. Енді ол менің көз жасым ғой, шіркін, көптен күткен. Қуаныштымыз, ризамын, рақмет.

Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу