Ұлттық мұра ЮНЕСКО қорғауына енуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық мұра ЮНЕСКО қорғауына енуі мүмкін

07.11.2017

Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов және Мәшһүр Жүсіп Көпеев пен Қаныш Сәтпаевтың еңбектері енді ЮНЕСКО-ның Бүкіл әлемдік мұралар тізіміне енуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Астанада өткен Ұлттық комиссияның отырысында белгілі болды. Сыртқы істер министрлігінің өкілдері және салалық ғалымдардан жасақталған арнайы комиссия ұсынылып отырған бастамалар жан-жақты саралады.

Сондай-ақ, отырыс барысында «Алжир», «ҚарЛАГ», «СтепЛАГ» сынды НКВД лагерлеріндегін де осы тізімге енгізу керектігі айтылды. Қазірде сталиндік репрессияға ұшырағандарға қатысты тарихи құжаттар көтеріліп, маңызды деректер әзірленіп жатыр. Бүгін алғаш рет талқыланған бастамалар екі жыл бойы әлемдік деңгейде зерттеліп, халықаралық сарапшылармен бекітілуі тиіс. 

Гауһар Бекбалакова, Ұлттық академиялық кітапхананың ғылыми қызметкері:

- Бүгінгі отырыстың нәтижесі бойынша біз бір шешімге келуіміз керек. Құжаттарды дайындап, ЮНЕСКО-ның тәртібі бойынша 1ақпанға дейін өткізуіміз керек. 

Хабарламаларға жазылу