Украина Ресеймен арадағы атысты 30 күнге тоқтату туралы келісімге келуге әзір. Басты шарты - бұған Мәскеудің келісуі. Киев мұны Сауд Арабиясының Джидда қаласында АҚШ-пен өткен келіссөздерден кейін мәлімдеді. Бұл - ақпанның соңында АҚШ пен Украина президенттерінің Ақ үйдегі сәтсіз кездесуінен кейін екі ел делегаттарының алғаш ресми бас қосуы.
Бірлескен мәлімдемеде Вашингтон Киевпен барлау мәліметтерін шұғыл қайта бөлісетінін және қауіпсіздік саласында қолдау көрсетінін айтты.
Арай Төлегенқызы
