Перизат Қайрат құрылтайшы болған «Biz birgemiz» қоры таратылды. Астана қаласының мамандырылған ауданаралық экономикалық соты осындай шешім шығарды.
Іс материалдарына сәйкес, заңды тұлға 2021 жылы 11 қазаңда тіркелген. Ал құрылтайшы саны - 10 адам. Қылмыстық істі тергеу барысында қолжазба сараптамасы жүргізілген. Нәтижесінде 10 құрылтайшының 9-ның атынан құрылтай құжаттарына Қайрат Перизат қол қойған. Тиісті заңға сәйкес анықталған бұзушылықтар бұл ұйымды таратуға негіз болған. Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Темірлан Нұрсолтанов
