Лифтіде балаға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірімнің ісі бір ай ішінде сотқа жіберіледі. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты.
Еске салсақ, оқиға 11 ақпанда болған еді. Кейіннен жасөспірімнің арнайы психодиспансерлік есепте тұрғаны белгілі болды.
Санжар Әділов, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:
Қазірге таңда күдіктіге сот-психологиялық сараптама жүргізіліп жатыр. Бір айдың ішінде сараптаманың қортындысын алғаннан кейін қылмыстық іс сотқа жолданады.
Ақниет Балтанова
