Халықаралық іздеуде жүрген әйел Польшада ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық іздеуде жүрген әйел Польшада ұсталды

12.03.2025

Қазақстанның сұранысы бойынша төрт жылдан астам уақыт Интерполдың іздеуінде болған әйел Польшада ұсталды. Ксения атты Украина азаматы еліміздің аумағында заңсыз адам мүшелерін сатумен айналысқан қылмыстық топтың мүшесі болған.

Олар адам бүйрегін алып, оны қара нарықта сатқан. Қылмыстық топтың әрекетінен Қазақстан, Украина, Армения, Әзербайжан, Қырғызстан тәрізді бірнеше елдің 56 азаматы зардап шеккен екен. Польша билігі Ксенияны Қазақстанға экстрадициялау рәсімін бастап кетті. Енді ол сот алдында жауап береді.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу