Фин тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Финляндия Республикасының Президенті Александр Стуббпен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылап, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтуға қос тараптың да бейіл екенін растады. Екі ел арасындағы қарым-қатынасқа тың серпін беру үшін Финляндия Президенті биыл қазан айында Қазақстанға сапармен келуге дайын екенін жеткізді.
Оңғар Алпысбайұлы
