Премьер-министр Мемлекет басшысының халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіруге қатысты тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша кеңес өткізді.
Жиында цифрлық шешімдерге негізделген жаңа тәсілдер таныстырылды. Мұқтаж азаматтарды қамту облыс пен қалаға қарамастан бір жүйеге келтіру туралы идеялар айтылды. Қазақстанда бүгінде 4 млн астам азамат түрлі әлеуметтік қолдауға ие болды. «Отбасының цифрлық картасы» деректеріне сәйкес, 564 мың азамат өмірлік қиын жағдайға тап болғандар санатына жатады. Олжас Бектенов жиында Үкімет жұмысының басым бағыты мұқтаж азаматтардың тұрмыс деңгейін жақсарту үшін оларды қолдауды жалғастыру екенін атап өтті.
Темірлан Нұрсолтанов
