Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында іскерлік байланыс орталығы ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында іскерлік байланыс орталығы ашылады

13.03.2025

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында халықаралық сауда орталығы ашылады. Сенат екі ел арасындағы келісімді ратификациялады. Жаңа орталық Атамекен және Гүлістан өткізу пункттерінің маңында орналасады. Яғни екі елдің шекарасында жергілікті шикізатты пайдаланатын өндіріс нысандары іске қосылмақ. Құрылысын екі елдің кәсіпкерлері қаржыландырады. Осылайша халықтың жүріп-тұрысы жеңілдеп, кедендік рәсімдер жылдамдайды. Логистикалық шығындар азайып, шекара маңындағы сауда жанданады.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу