Маңғыстаулықтар «Бірлік отын» жақты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстаулықтар «Бірлік отын» жақты

14.03.2025

Маңғыстаулықтар Амал мерекесін жылдағыдай қара таудың ең биік шоқысы - Отпан таудың басында атап өтіп жатыр. Жиналғандар бірлік мен ықтымақтың символы болған «Бірлік отын» жағып, түрлі спорттық жарыстарда бақ сынады. Наурыз мейрамының басы - Амал мерекесіне арнайы алыс-жақын шет елдерден да меймандар келген.

Аягөз Оралбайқызы, тілші:

Көрісу күні - Наурыз мейрамының басы. Бұл күнді Амал мерекесі деп те айтады. Халық қыстан аман-есен шығып, көктемге аяқ басқанына қуанып, ағайын-туыс, көрші-қолаңмен жүздесуге асығады. Қол алысып, төс қағысады.

Онбірхан Құдайбергенов, Алматы облысының тұрғыны:

Өте жақсы әсердемін. Сыртынан естіп жүр едім, көзіммен көргеннен кейін өте риза болды. Қазір не керек - ауызбіршілік, тыныштық керек. Президентіміз қаншама жақсы сөздер айтып жатыр. Осы сөздер халқымыздың құлағына жетуі керек. 

Аягөз Оралбайқызы, тілші:

Биылғы мерекеде 30-ға жуық шара ұйымдастырылған. Бір мезгілде бірнеше жерде түйепалуан, қазақша күрес, тоғызқұмалақ сияқты спорттық жарыстар өтуде. Құнан бәйге мен аламан бәйге болып жатыр. Суретшілер де өз туындыларын ала келген.

Наумек Асланов, Әзербайжан Республикасының азаматы:

Түркі дүниесін Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Қырғыз, қазақ, өзбек, түрікмен, ұйғыр, әзербайжан сынды түркі дүниесін құттықтаймын.

Илмаз Эмирташ, Түркия Республикасының азаматы:

Түркияның Измир қаласынан осы Ақтаудағы Амал мерекесіне арнайы келдім. Бауырлас елдің қонақжайлылығы әлемге аян. Ұлттық киім киген халықтың бір-бірімен қол алысып, көрісуінің өзінде үлкен мағына жатыр. Достығымыз мәңгілік болсын.

Аягөз Оралбайқызы, тілші:

Амал мерекесіндегі ерекше рәсім - бірлік оты жағылды. Тарихқа көз жүгіртсек, жаугершілік заманда осы таудың басында қазақ батырлары от тұтатып, бір-біріне белгі берген. Ал қазір от жағу - бірлік пен татулықтың белгісі.

Аягөз Оралбайқызы 

Хабарламаларға жазылу