Жыл басынан бері 313 адам өрттен құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл басынан бері 313 адам өрттен құтқарылды

18.03.2025

Жыл басынан бері еліміздің тұрғын үй секторында 1 мың 138 өрт оқиғасы тіркеліп, 52 адам қаза тапты. Оның алтауы - бала.

Жедел шаралар нәтижесінде 313 адам құтқарылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері айтты. Қазір, өрттің алдын алу жұмыстары күшейтіліп, халықты ақпараттандырудың заманауи әдістері енгізіліп жатыр. Мысалы, QR-кодтар, LED экрандар және ата-аналар чаты арқылы ескерту хабарламалары таратылады. Сондай-ақ министрлік қауіпсіздік ортақ жауапкершілік екенін еске салып, тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Серік Жұмабек

Хабарламаларға жазылу