Израиль Газа секторын қайта шабуылдай бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль Газа секторын қайта шабуылдай бастады

18.03.2025

Израиль армиясы Газа секторында "Хамас" тобының нысандарын қайта шабуылдай бастады. Израиль премьері Биньямин Нетаньяху мен қорғаныс министрі Исраэль Кац әскерилерге шабуылды қайта бастау туралы тапсырма берген. "Би-Би-Си"-дің мәліметінше, Израиль шабуыл бастамас бұрын АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігімен кеңескен. "Рейтер"-дің мәліметіне сай, шабуылдан 100 адам қаза тапқан. Арасында балалар да бар. 150-ден астам адам жараланған. Бұл 19 қаңтар күні күшіне енген бітімнен бергі ең жойқын шабуыл. Атысты тоқтату келісімінің бірінші кезеңі 1 наурыз күні аяқталды. Алайда тараптар келісімнің екінші кезеңін бастау үшін ортақ мәмілеге келе алмай отыр. Шабуылды қайта бастаған Израиль "Хамас" кепілдегілерді босатудан бас тартып отыр деп мәлімдеді.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу