Алматыда Алаш ардақтыларының еңбегін қайта жаңғырту мақсатында «Азат рухтың алдаспандары» атты дәстүрлі ән кеші өтті. Онда елімізге танымал өнерпаздар Рамазан Стамғазиев, Жоламан Құжыманов, Еркін Шүкімән және Ардақ Исатаева ән шырқады.
Алаш Орданың 100 жылдығына арналған концертте күйшілер күмбірлетіп күй төкті. Ал, жас жыршылар Қорқыттан басталатын жыршылық өнерді қайта жаңғыртып, тағылымды туындылармен көрерменді ерекше әсерге бөледі. Жалпы, тумысынан талантты Алаш арыстары ұлттық өнердің уызына қаныққан. Олар саясатты, ұстаздықты және өнерді қатар алып жүрді. Сондықтан, танымы терең тұлғалар сарқылмас мұра қалдырған. «Ал, бұл еңбектерді заман талабына сай түлетіп, халқымыздың қазынасына айналдыруға Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жол ашты», - дейді, ұйымдастырушылар.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ