Шымкентте лифтілер жұмысына қатысты 800-ден астам шағым түскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте лифтілер жұмысына қатысты 800-ден астам шағым түскен

20.03.2025

Шымкенттегі көпқабатты үйлердегі лифттің дені әбден тозған. Сондықтан жиі бұзылады. Колл орталыққа тұрғындардан былтыр 800-ден астам арыз-шағым түскен. Бір жыл бұрын ішінде 8 адамы бар лифт кабинасы 9 қабаттан төмен құлдилап, жертөлеге құлаған болатын. Бұл апаттан адамдар аман қалды. Жалпы мегаполистегі еңселі ғимараттарға 1 235 жеделсаты орнатылған. Былтыр 28 лифт кабинасын ауыстыру жоспарланғанымен оның үштен бірі ғана жаңартылды. Шаһарда лифт жөндейтін және оны орнататын мамандар да тапшы.

Сәрсен Құранбек, қала әкімінің орынбасары:

Осыған қатысты кешенді жоспар құрып жұмыс атқарып жатырмыз. Осы жылдың аясында жоспарлап құрып, болашақта осы лифт жөндейтін, пайдалануды жүзеге асыратын мамандарды да оқытып даярлауды қолға алып отырмыз.

 Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу