Ақмола облысындағы Бестөбе кен орнында кенші қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысындағы Бестөбе кен орнында кенші қаза тапты

20.03.2025

Ақмола облысындағы Бестөбе кен орнында кенші қаза тапты. Тағы 2 жұмысшы Степногорск ауруханасына жеткізілген. Облыстық полиция департаментінің дерегінше, оқыс жағдай кеше болған. Кеншілер 700 метр тереңдікте ағаш бекіткішті орнату кезінде тау жынысы құлаған. Жазатайым жағдайдың себептерін анықтау үшін өңірдің еңбек инспекциясы мамандарынан арнайы комиссия құрылды. Ал, полиция қылмыстық іс қозғады.

Динара Жарқынбек


Хабарламаларға жазылу