Еліміз бойынша үш облыста су тасу қаупі жоғары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміз бойынша үш облыста су тасу қаупі жоғары

20.03.2025

Қазақстанның үш облысына судан қауіп жоғары. Су ресурстары және ирригация министрі осылай деді. Қазіргі уақытта Абай, Шығыс және Солтүстік өңірлері «қызыл» аймаққа жатқызылып отыр. Орташа қауіпті аймаққа сегіз аймақ енген. Ал оңтүстікте су тасқыны болмайтынын жеткізді. Биыл «тасқын» ақпараттық жүйесі іске қосылған. Оның көмегімен аймақтардағы жағдай күнделікті бақыланып, мәліметтер жергілікті әкімдіктерге жіберіледі. 

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу