Қарағандыда қоғамдық көлік тұрақта тұрған жеңіл көлікке соғылып, 1 адам зардап шекті. 57 жастағы автобус жүргізушісі кенеттен өзін жайсыз сезініп, рөлге ие бола алмаған. Салдарынан жол жиегіндегі тұрақтағы көліктерге соққан. Қоғамдық көлік жүргізушісі мен 17 жастағы жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Жандос Бақытұлы
