«Жомарт» кенішіндегі апат: жұмыс берушінің кінәсі толық дәлелденді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жомарт» кенішіндегі апат: жұмыс берушінің кінәсі толық дәлелденді

21.03.2025

Ұлытау облысы Жомарт кенішінде болған апатқа жұмыс беруші 100% кінәлі деп танылды. «Қазақмыс» компаниясына тиесілі кеніште 17-ақпан күні жарылыс болып, 7 кенші қаза тапқан еді. Арнайы құрылған комиссия апаттың негізгі себебі – шахтада жиналған метан ауа қоспасының жарылуы екенін айтты. Бұл жарылыстан қорғалмаған электр жабдығын пайдаланудың салдарынан болған. Одан бөлек желдету жүйесі жеткілікті түрде жұмыс істемеген. Кеніштегі метан құрамына уақытылы газдық бақылау жүргізілмеген. Бүгінде ішкі істер органдары қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.

Жандос Бақытұлы 

Хабарламаларға жазылу