Стамбұл мэрінің жақтастары шеру өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Стамбұл мэрінің жақтастары шеру өткізді

21.03.2025

Екі күн бұрын қамауға алынған Стамбұл қаласының мэрі Екрем Имамоғлының жақтастары кеше тағы да ауқымды шеру өткізді. Стамбұл мен Анкара қаласында мыңдаған адам жиналып, шаһар басшысын қамаудан босатуды талап етті. Шеру кезінде полицияға шабуыл жасаған жастарға көз жасаурататын газ шашылып, бірнеше адам қамауға алынды. Дегенмен 3-4 сағатқа созылған митинг бейбіт аяқталды. Ел билігі бұл қылмыстық істің ешқандай саяси астары жоқ екенін, Екрем Имамоғлы бастаған топқа ірі көлемде пара алып, лаңкестік ұйымға жәрдем берді деген айып тағылып отырғанын айтты. Сондықтан халықты арандатуға ермей тек ресми ақпаратқа сүйенуге шақырды. Осы іс аясында 106 адамды қамауға алу туралы шешім шыққан. Олардың 87-сі тұтқындалып, қалған 19 адам іздестіріліп жатыр. 

Айдос Әшімұлы

Хабарламаларға жазылу