Астанадағы EXPO аумағында Наурыз мерекесі тойланып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы EXPO аумағында Наурыз мерекесі тойланып жатыр

22.03.2025

Бүгін - түбі бір түркі елдерінің тарихта тоғысатын төл мейрамы - әз-Наурыз күні. Табиғатпен астасып өмір сүрген қазақ қадым заманнан Ұлыстың ұлы күнін жыл басына балаған. Өйткені табиғат ана құлпырып, Жер-ана бусанып, дала түлеп, түрлене түсетін кез.

Көшпенді өмірдің үрдісі үзілгенімен, бұл мейрамның салтанаты кеміп, мән-маңызы жоғалып қалған жоқ. Керісінше, Наурыз - түпкі өзегін сақтай отыра, өркениетпен бірге өрнектеліп, өрісі кеңіп жатыр.

Наурыз - қазақтың ұлттың болмысын, далалық даралығын сақтап, бойдағы рухты одан әрі қуаттап отырған ұлық мейрам. Бүгін мерекеге орай Астанада думан болып жатыр.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу